Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік ардагерлерге жеңіс күніне 1,1 млн теңге беріледі

Опубликовано:

Соғыс ардагерлері
Фото: Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

Үшінші мегаполисте екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне берілетін бірреттік қаржы көлемі белгілі болды, деп хабарлады Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Ұлдана Бекбау. 

Шымкентте Жеңіс таңын жақындатқан Ұлы Отан соғысының 7 ардагері тұрып жатыр. Биыл майдангерлер Жеңіс күні қарсаңында 360 АЕК көлемінде, яғни 1 110 680 теңгеден көмек алмақ.

Бұл қаражат ардагерлердің жеке есепшоттарына аударылады. Оны алу үшін ешқандай құжат жинаудың қажеті жоқ. Себебі, зейнетақы төлеу орталығынан арнайы тізім бар. Сондай-ақ, қалада соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға – 36 АЕК, яғни 110 260 теңгеден төленсе, 2500-ден астам тыл ардагеріне 36 756 теңгеден (12 АЕК) берілмек. Бұл қаражаттар да бірреттік төлем ретінде есепшоттарына түседі.

Өңірдегі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мемлекеттік қаржылай көмектен бөлек, шипажайларға да жолдама беріледі. Сондай-ақ, жылына екі рет қариялар мерзімді басылымдарға бюджет есебінен тегін жазылады.

ардагер
Фото: Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

Айта кетейік, елімізде ардагерлер саны жыл санап азайып келеді. Шымкенттегі көзі тірі майдангерлер арасындағы ең қарты биыл желтоқсан айында 100 жасқа толады. Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы Ұлы Отан соғысының 21 ардагері бар еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966465-symkenttik-ardagerlerge-zenis-kunine-11-mln-tenge-beriledi/

pixel