Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жылқылардың жаппай неден қырылғаны белгілі болды

Опубликовано:

Үйір жылқы
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда жылқылардың неден қырылғаны белгілі болды. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрлігі хабарлады.

Атырау облысына шаруаларға ғылыми-практикалық көмек көрсету, эпизоотологиялық зерттеулер жүргізу және жылқылардың ауруына диагноз қою үшін сынама алу мақсатында Қазақ ветеринариялық және Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері барған.

"Зерттеу нәтижесінде жануарларда деляфондиоз, гастрофилез және параскаридоз паразиттік аулулары анықтады.  

Қолда бар деректер бойынша жоғарыда көрсетілген диагноздар жануарлардың жаппай қырылуы мен ауруының негізгі себебі болып табылады.

Аурумен күресу үшін ғалымдар жануарлардың иелері мен ветеринарларға паразиттік аурулар мен гельминтоздарды алдын-алу және уақтылы емдеуді ұсынады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне сәйкес жануарлардың профилактика, диагностикасы және жойылуы бюджет есебінен жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966474-atyrauda-zylqylardyn-zappai-neden-qyrylgany-belgili-boldy/

pixel