Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта пойыз қаққан темір жол жұмысшысы екі аяғынан айырылды

Опубликовано:

пойыз рэлсі
Көрнекі фото: pixabay.com

Балқашта темір жол жұмысшысын пойыз қағып кетті. Салдарынан азамат екі аяғынан айырылды. Қазір аталған фактіге қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ресми сайты.

ҚТЖ мәліметінше, оқиға 21 сәуірге қараған түні болған. Сағатына 16 шақырым жылдамдықпен келе жатқан жүк пойызы вагон тексеруші-жөндеушіні басып кеткен.

Салдарынан азамат Балқаш қалалық ауруханасына жатқызылған. Зардап шеккен ер адамның екі аяғын тізе буынына дейін кесуге тура келген. Қазір дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Балқаш-1 станциясындағы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, вагон тексеруші-жөндеушінің жасы 41-де. Бұл лауазымда ол 19 жыл жұмыс істейді. Үйленген, екі кәмелетке толмаған баласы бар. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966545-balqasta-poiyz-qaqqan-temir-zol-zumyssysy-eki-ayagynan-aiyryldy/

pixel