Ермегияев соттан өзін қоныс колониясына ауыстыруды сұрады
Жарияланған күні:
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияев өзін қоныс колониясына ауыстыруды сұрады, бірақ оның қамау режимін жеңілдету туралы өтініші қанағаттандырылған жоқ. Сондықтан ол қазір Қапшағай маңындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуді жалғастыруда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық сотына сілтеме жасап.
Соттың мәліметінше, Талғат Ермегияев екі жыл бұрын қамауда ұстау режимін жұмсартып, қауіпсіздігі барынша төмен қоныс колониясына ауыстыру туралы өтініш берген.
Сотталушының Заречныйдағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқанын ескере отырып, өтінішті Қапшағай соты қараған. Сот аталған өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.
"Өтініште жазаны жеңілдетуді қарастыратын Қылмыстық кодекстің 6 және 46-баптарына (2018 жылғы 12 шілдеде заңнаманың өзгеруіне байланысты) сүйенген. Қапшағай қалалық соты 2020 жылғы 22 желтоқсандағы қаулыға сәйкес сотталушының арызын қанағаттандырудан бас тартты.
Жоғарыда аталған сот шешіміне 2021 жылы оның адвокаттарынан апелляциялық шағым түсті. 2021 жылдың 10 ақпанында Алматы облыстық соты апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды", - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың маусымында Талғат Ермегияевті астаналық сот бірқатар бап бойынша, соның ішінде аса ірі көлемде пара алу дерегі бойынша айыпты деп таныған болатын.
Сот оны 14 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарған еді.
Қазір Талғат Ермегияев жазасын Алматы облысындағы ЛА-155/12 мекемесінде өтеуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966622-ermegiyaev-sottan-ozin-qonys-koloniyasyna-auystyrudy-surady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.