Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздікке байланысты 585 күдікті қамауда отыр

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратура 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ-да өткен брифингте қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты жүріп жатқан тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Спикердің сөзінше, жаппай тәртіпсіздік пен терроризм актілері Алматы мен Шымкент қаласында, сондай-ақ, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облысында болған.

"Әр өңірде тергеу топтары тергеу жұмысын жүргізуде. Артынша қылмыстық істер сотқа жолданады. Жалпы, қаңтардағы жайттар бойынша сотқа 265 қылмыстық іс жолданған, оның ішінде 243 адам сотталды. Қазіргі уақытта 585 күдікті қамауда отыр",- деді Қилымжанов.

Оның сөзінше, аталған тұлалар ғимараттарды қиратып, өртеді, қару-жарақ ұрлап, мемлекеттік нысандар мен күштік ведомстволарға қарулы шабуыл жасады деген күдікке ілінген.

"Тұтқынға алынған әрбір азаматтың қылмысқа қатысы бар екенін растайтын мәлімет жетерлік",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966707-qazaqstanda-qantardagy-tartipsizdikke-bailanysty-585-kudikti-qamauda-otyr/

pixel