Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ақылы автотұрақтар қала меншігіне қайтарылды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы ақылы автотұрақтар қаланың коммуналдық меншігіне өз еркімен қайтарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Монополиясыздандыру және ықтимал шығынды өтеу мақсатында Алматы әкімдігіне компания иелерінен "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС-нің 70% мөлшеріндегі үлесін және "Alan Parking" ЖШС-нің 100% үлесін қала меншігіне қайтару туралы ұсыныс түскен.

"Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС бірыңғай оператор ретінде қаланың Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб ауданында орналасқан тротуар тұрақтарына қызмет көрсетуге маманданған. Әкімдікке осы ЖШС - нің 30% тиесілі.

"AlanParking" ЖШС - Алатау, Бостандық, Жетісу аудандарында орналасқан алаңдағы автотұрақтарға қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай оператор. ЖШС толығымен жеке меншікте болды.

Алматы әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғарыда көрсетілген компаниялардағы үлестерді қайтару туралы тиісті қаулы қабылдады. Бүгінде ақылы тұрақ жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. Қаулыға сәйкес, ақылы тұрақтар қызметінен түскен барлық кіріс ағымдағы жылдың 25 сәуірінен бастап қала бюджетіне бағытталады.

Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі қаланың тұрақ аймағын ұйымдастыру жөнінде бірыңғай оператор құру бойынша жұмысты бастады. Қолданыстағы заңнамада белгіленген рұқсат беру құжаттарын алу мерзімдерін, сондай-ақ монополияға қарсы органдармен келісу қажеттілігін ескере отырып, бірыңғай оператор 2022 жылғы 1 тамызға дейін құрылады.

Алматы тұрғындарының шағымдары негізінде сервис сапасын арттыру мақсатында ақылы тұрақтар жұмысын жетілдіру үшін кешенді шаралар қабылданады.

Алдағы уақытта халықаралық тәжірибені қолдана отырып, қалалық тұрақ кеңістігін дамыту және көшелер мен аулаларды абаттандыру үшін ақылы тұрақтардан түсетін түсімдерді пайдалану тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда. Сондай-ақ, жинақталған проблемаларды шешу үшін қалада көп деңгейлі тұрақтар салу басымдыққа ие болады.

Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі алғаш рет 2016 жылы енгізілді. Жоғарыда аталған компаниялардың ақпараты бойынша, ақылы тұрақтардан қаржы айналымы жылына орта есеппен 1,4 млрд теңгені құрады.

Қазіргі уақытта компания басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды және бюджет қаражатын ұрлаумен байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966727-almatydagy-aqyly-avtoturaqtar-qala-mensigine-qaitaryldy/