Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа метро бекеттері салынады

Опубликовано:

Метро
Фото: metroalmaty.kz

Алматыда мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, онда көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарының жобасы қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік ұсынған ақпаратқа сәйкес, жоспарда қалалық метрополитеннің бірінші желісінің үшінші кезегінің құрылысы қарастырылған.

Атауы әлі қойылмаған жаңа метро бекеті "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарына дейін 5,2 шақырымды құрамақ.

Сонымен қатар, билік Саин көшесі мен Мөңке би (Ақын Сара) көшесінің қиылысында көлік жолайрығын салуды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, мегаполистің 8 шағынауданында ұзындығы 140,4 шақырым жол салу көзделген. Олардың қатарында Шапағат, Боралдай, Теректі, Рахат-Мәдениет, Шұғыла, Ақжар, Маяк, Мәдениет шағын аудандары бар.

Ұзындығы 39,7 шақырым болатын 10 магистралды көше тесу арқылы ұзарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966752-almatyda-zana-metro-stanciyalary-salynady/

pixel