Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Үкім оқып жатқан судья
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үкімді Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Еркін Майшинов оқыды.

Игорь Дужнов бес адамның өліміне кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Еске салсақ, өткен сот отырысында прокурор Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Жәбірленушілер де айыпталушыға осындай жаза тағайындап, жанұясымен кездесуге мүмкіндік бермеуді талап еткен болатын.

Айта кетейік, қайғылы жағдай былтыр қыркүйек айында Алматының Ақбұлақ ықшамауданында болған еді. Баспанадан шығару жөніндегі сот шешімін орындауға келгендерге Дужнов оқ атып, салдарынан екі полиция қызметкері мен сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа қожайыны мен куәгер қаза болды.

Биыл 18 наурызда Игорь Дужновқа қатысты сот процесі басталды. Оған "Адам өлтіру" және "Билік өкіліне шабуыл жасау" баптары бойынша айып тағылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966866-almatyda-bes-adamdy-atyp-oltirgen-igor-duznov-omir-boiyna-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel