Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-дағы аудандардың бірінде тұрғындар алкогольден түбегейлі бас тартты

Опубликовано:

Алкоголь өнімдері
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының тұрғындары алкогольден түбегейлі бас тартты. Бұл жерде спирттік ішімдіктер сатылмайды. Осыған байланысты халық арасында құқықбұзушылық та азайып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындар спирттік ішімдіктерден бас тарту туралы шешімді ортақ жиналыста қабылдаған. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында жергілікті тәртіп сақшылары да маңызды рөл атқарған.

Осы ретте Сырым ауданының бас имамы Қуанғали Қуанышұлы аудандық полиция бөлімінің бастығы Ербол Әлімбекеровке алғысын айтты.

Дін өкілі мен полиция бөлімінің бастығы алкогольді өнімдерден бас тарту оң нәтижесін беріп жатқанын алға тартты.

Сырым ауданында қазіргі уақытта жеті мешіт бар.

Айта кетейік, бұған дейін ішімдіктен бас тартқан Түркістан облысындағы Алмалы ауылы жайлы жазған едік. Онда соңғы бес жылда ешқандай қылмыс тіркелмеген, ал екі жылда ешкім ажыраспаған.

Үлгілі ауыл Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округіне қарайды. Ауыл әкімі Мейрамбек Қыдырқожаұлының айтуынша, ауылда бүгінде 150 отбасы бар. Онда шамамен мыңнан астам адам тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966894-bqo-dagy-audandardyn-birinde-turgyndar-alkogolden-tubegeili-bas-tartty/

pixel