Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 800 мың теңге пара алған ауыл әкімі 32 млн теңге айыппұл арқалады

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: Pixabay.com

Атырау облысы Құрманғазы ауданында пара алды деп айыпталған ауылдық округтің экс-әкімі мен пара берді деп айыпталған кәсіпкер сот алдына келді, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Іс Құрманғазы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі (Айтарлықтай мөлшерде пара алу), 367-бабы 2-бөлігі (Айтарлықтай мөлшерде пара беру), 369-бабы (Қызметтік жалғандық жасау) және 385-бабы (Жалған құжаттарды қолдан жасау) бойынша қаралған.

Сот барысында әкімнің келісімшарт жасасу арқылы тендерде артықшылық бергені үшін және тіркеуші органға жалған ақпарат енгізілген ресми құжаттарды ұсынғаны үшін ЖШС директорынан 800 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталған.

Олардың кінәсі жедел-іздестіру шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері, бейне-фонографиялық сараптама мен мемлекеттік аудитор қорытындысы негізінде дәлелденген. Сонымен қатар екі айыпталушы да кінәсін толық мойындаған.

Жаза тағайындау кезінде сот бұрынғы әкімнің мүгедек баласы барын, ал кәсіпкердің қарт ата-анасы бар екенін ескерген.

Сот үкіміне сәйкес, экс-әкімге 32 миллион теңге, кәсіпкерге 16 миллион теңге айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966897-atyrauda-800-myn-tenge-para-algan-auyl-akimi-32-mln-tenge-aiyppul-arqalady/

pixel