Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл тұрғыны 7,5 млн теңгенің мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ

Жамбыл тұрғыны 7,5 млн теңгенің мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуалы ауданының полиция бөліміне 67 жастағы жергілікті тұрғын арыз түcірген. Шағымда ер адам Қосбөлтек ауылында орналасқан кәсіпорынға тиесілі мүлікті ысырап ету дерегін атап көрсеткен.

Сондай-ақ, ол құрамында Қосбөлтек және Көктөбе ауылының тұрғындары болған жауапкершілігі шектеулі серіктестік таратылғанға дейін мүлкі бар қойма осы компанияға тиесілі екенін хабарлайды.

Сонымен қатар, қойманы Қосбөлтек ауылының 65 жастағы тұрғынына оның орнына спорт кешенін салу үшін беру туралы шешім қабылданған. Алайда мүлікті рәсімдеп, ер адам белгісіз тұлғаларға жалпы сомасы 7,5 млн теңгеге автотаразыларды, автотиегішті, астық тазалау жабдығын, астық тиегішті сатқан.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 1-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жамбыл облысының мамандандырылған экономикалық ауданаралық сотының шешімімен мүлікті беру шарты жарамсыз деп танылды. Іс тергеу сатысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966909-zambyl-turgyny-75-mln-tengenin-mulkin-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel