Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау қаласының маңында балықтың қырылу себебі айтылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау маңында балықтың қырылу себебі туралы айтылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым мәліметінше, бүгін, 26 сәуірде Қайыршақты ауылдық округіндегі Безымянный көлінде балық қырылған.

Аталған су айдынына арнайы құрылған комиссия құрамында "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары жіберілген.

Олар балықтың әлсіреген күйде қайраңға шығып қалғанын анықтаған.

"Балықтың қырылуына қайраң жерге шығып қалғаны себеп болуы ықтимал. Әлсіреген балықтарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Соңғы бес күн бойы Безымянный көліне су келіп жатыр. Алайда, балықтың өлу дерегі тіркелмеді. Өлген балықтарды санитарлық талапқа сай жою қолға алынды", -дейді инспекция басшысы Нұрлыбек Гайсин.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының дерегінше, көктемде балықтар уылдырық шашу үшін қолайлы өріске шығады.

Бүгін қырылған балық канал аузына келіп тіреліп қалған. Қазіргі уақытта қаракөз балығының 65 келі өлі шабағы жиналған.

Артур Сәдібекұлының сөзінше, қазір балықтардың уылдырық шашу орнына еркін кіруі үшін Қайыршақты округі аумағынан 800 метр канал қазылған.

Каналдың тереңдігі – шамамен 1 метр.

Мамандардың өлген балықты жинап алғаны белгілі болды.

Ол өлген балық санитарлық талаптарға сәйкес көму жолымен жойылатынын мәлімдеді.

Ал тірі балықтар сүзіліп, Жайық өзеніне жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966926-atyrau-qalasynyn-manynda-balyqtyn-qyrylu-sebebi-aityldy/

pixel