Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды полициясы ақтөбелік жігіттің жүк көлігінен 18 тоннадан астам балық тапқан

Опубликовано:

балықтар
Көрнекі фото: 24.kz

Қарағандылық полицейлер ақтөбелік азаматтың жүк көлігінен 18 тоннадан астам балық тапты деп хабарлайды Polisia.kz.

22 сәуірде Қарағанды облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері "Уылдырық шашу" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

8.40 шамасында Қарағандыға кіреберістегі Екатеринбург-Алматы автожолында полицейлер Ақтөбенің 28 жастағы тұрғыны тізгіндеген жүк көлігін тоқтатқан.

Көлікті тексеру барысында жүксалғыштан шашылған балық табылады: 17 тонна сазан және 1 тонна 200 келі берша.

Жүргізушінің айтуынша, бұл өнімді ол Балқаштағы жеке кәсіпорындардың бірінде тиеп, Ақтөбе қаласына тасымалдаған. Бұл ретте ер адамда тиісті рұқсат құжаттары болмаған.

Қылмыстық кодекстің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966930-qaragandy-policiyasy-aqtobelik-zigittin-zuk-koliginen-18-tonnadan-astam-balyq-tapqan/

pixel