Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлия Назарбаеваның экологиялық қауымдастықтың басшысы қызметінен кеткені белгілі болды

Опубликовано:

Әлия
Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының басшысы қызметінен кетті. Оның өкілеттігі өз қалауы бойынша тоқтатылған. Бұл ақпаратты қауымдастықтың атқарушы директоры Илья Сухоносенко растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Өз еркімен өкілетін тоқтатты. 2022 жылдың 4 ақпанынан бастап Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы қызметін атқармайды", - дейді Сухоносенко Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетейік, Қазақстанның экологтарын біріктіретін экологиялық ұйымдар қауымдастығы 2017 жылы құрылды.

Оған құрылған сәттен бастап Әлия Назарбаева жетекшілік етті.

Ұйым қоршаған ортаны қорғау бойынша бастамаларға қолдау көрсетіп, халықаралық байланыстарды арттыру мақсатында құрылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967016-aliya-nazarbaevanyn-ekologiyalyq-qauymdastyqtyn-bassysy-qyzmetinen-ketkeni-belgili-boldy/

pixel