Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Алматы әуежайының атауын Қонаевтың құрметіне ауыстыруды ұсынды

Опубликовано:

Алматы әуежайы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов палатаның пленарлық отырысында Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхаммед Қонаевтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ол өз ұсынысын премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында айтты.

"Алматы тұрғындарының бастамасын қолдап, мемлекет басшысының Қапшағай қаласының атауын өзгерту туралы бастамасын жалғастыра отырып, Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін беруді ұсынамыз", - деді ол.

Айта кетейік, 16 наурыз күні мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруге қарсы емес екенін жеткізген болатын.

Көп ұзамай Қапшағай қалалық мәслихаты тұрақты комисссиясының отырысында депутаттар Қапшағай қаласының атауын өзгертуді туралы ұсынысты қолдады.

29 наурыз күні Республикалық ономастика комиссиясы бұл ұсынысты мақұлдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967097-deputat-almaty-auezaiynyn-atauyn-qonaevtyn-qurmetine-auystyrudy-usyndy/

pixel