Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысының тұрғыны әскери техниканы сатып жібермек болған

Опубликовано:

Әскери техника
Фото: Polisia.kz

Атырау тұрғыны әскери техниканы сатып жібермек болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда 35 жастағы ер адам заңсыз бронд­алған барлау-шолғыншы көлігін (БРДМ-2) сатуға тырыс­қан.

Бұл туралы ақпарат полицияға 12 сәуір күні түскен. Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аталған фактіге байланысты іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 36 жастағы азаматқа тиесі­лі аталған әскери көлік тауып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта атал­ған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігі (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу) бойынша сотқа дейі­нгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрін­де бұлтартпау шарасы таңдалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967107-atyrau-oblysynda-turgyn-askeri-texnikany-satpaq-zibermek-bolgan/

pixel