Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда арыстанның төлі табылды (видео)

Опубликовано:

Арыстан
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда жеке тұлғаның үйінен арыстанның төлі табылды. Жыртқыш Алматы хайуанаттар бағына уақытша орналастырылды, бірақ оны бұл жерде қалдыру мүмкін емес.

Animal Security жануарларды қорғау қоры мен "Ақ Бим" мекемесінің басшысы Наталья Сульжик Еуразия бірінші арнасына арыстанның төлі аланды еріктілер шағын қорадан тауып алғанын жеткізген.

Олар жануарларды құтқару үшін бұрынғы иелерінен сатып алған.

"Осындай жағдайлар, өкінішке қарай, жиілеп кетті. Бізде иттерге арналған үйшіктер бар - ал арыстанға, жолбарысқа, аюға орын жоқ. Бұл мәселемен біреу айналысуы керек. Жеке секторда аю да, арыстан да, қолтырауын да өмір сүре алмайды. Өйткені олар қауіпті", - дейді жануарлар құқығын қорғаушы Наталья Сульжик.

Алматы зообағы аланды уақытша паналатуға келісті. Қоршаулар мен орындардың жоқтығынан арыстанның төлін мұнда ұзақ уақытта қалдыру мүмкін емес. Жыртқыш 30 күн карантинде болады.

Аланды Санни деп атаған. Ол 4 айлық. Ветеринарлар оның өте белсенді, ширақ екенін және адамдардан мүлде қорықпайтынын жеткізді.

Қазіргі уақытта аланды ресейлік хайуанат бақтарының бірі қабылдауға келіскен. Алайда бұл мәселеде қиындықтар бар.

"Құжаттары болмаса, құжаттары жоқ болса жібере алмаймыз. Белгілі бір ережелер бар, біз экспортқа рұқсат алуымыз керек. Ол үшін жануардың туу туралы куәлігін алуымыз керек. Алаға ешкім туу туралы куәлік бере алмайды, өйткені оны браконьерлік әдіспен әкелген", - дейді Наталья.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967159-almatyda-arystannyn-toli-tabyldy-video/

pixel