Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы жастары": Бағдарламаға құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

Опубликовано:

"Алматы жастары" бағдарламасы мамырда басталады
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Алматы жастары" бағдарламасы мамыр айында басталады, деп хабарлайды "Қазақпарат".

Биыл жоба аясында қаланың 1 мың тұрғыны баспаналы болмақ.

Құжаттар мен өтініштерді қабылдау мамыр айына жоспарланған. Несиенің ең жоғары сомасы 18 млн теңгеге дейін.

Жеңілдікпен несиелендіру бойынша "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы шеңберінде өтінімдер мен құжаттарды қабылдау нақты қай күні басталатынын, бағдарламаның биылғы жылғы шарттары мен талаптары қандай болатынын қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы өз сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялайтын болады.

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Олар: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының мамандары.

Айта кетсек, 2020 жылы аталған несиенің ең жоғары сомасы 13 млн теңге еді. Былтыр несие көлемі 18 млн теңгеге арттырылды. Егер өтінім қабылданса, несиені алу үшін оның 10 пайызын, яғни 1,8 миллион теңгені бастапқы жарна ретінде төлеу қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967180-almaty-zastary-bagdarlamasyna-quzat-qabyldau-qasan-bastalatyny-belgili-boldy/

pixel