Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жездесінің үш қошқарын ұрлаған жетісайлық неліктен бұндай қадамға барғанын айтты

Опубликовано:

қой
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында бөтеннің малын ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Оның сөзінше, әлдекім түнгі уақытта қорасынан үш қошқарын ұрлап кеткен. Шығын көлемі 180 мың теңге.

Күдіктіні анықтау мақсатында жетісайлық тәртіп сақшылар оқиға орнына барып, ауылдастардан жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде, олар видеодан күмәнді көлікті тауып, күдіктіні ұстады. Ол арыз түсірген азаматтың қайын інісі болып шыққан.

Белгілі болғандай, күдікті бұл қылмысты танысымен бірге жасаған. Яғни, ол жездесінің үйінде ақыға жұмыс істепті. Алайда олардың арасында ақшаға қатысты түсінбеушілік туындаған. Ал қайын інісі ақшаның орнына деп жәбірленушінің қошқарларын алып кеткен екен.

Олар малдарды сатып, ақшасын жаратып жіберген, дейді полицейлер.

Қазіргі таңда екі күдіктіге қатысты жинақталған құжаттар сотқа жолданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967189-zezdesinin-us-qosqaryn-urlagan-zetisailyq-nelikten-bundai-qadamga-barganyn-aitty/

pixel