Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйге автокранның жебесі құлап, пәтер терезесін сындырды (видео)

Опубликовано:

Кран
Оқиға орны. Видеодан кадр: Telegram/astanovka98

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйге автокранның жебесі құлап, пәтерлердің бірінің терезесін сындырды. Аталған жайтқа қатысты елордалық ТЖД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомстовның мәліметінше, 28 сәуір күні сағат 14:26-да Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшесі 4 адам, бір техникадан жасақталған құраммен Сығанақ, 2А мекенжайына аттанған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар алтыншы қабаттағы пәтердің терезесіне автокранның жебесі құлағанын анықтаған.

Оқиға орнына өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жіберілген.

ТЖД бұл жайттан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ екенін атап өтті.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967268-nur-sultanda-kran-zebesi-kopqabatty-uige-qulap-pater-terezesin-syndyrdy-video/

pixel