Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер Талдықорғанда көз жұмған 19 жастағы сарбаздың өліміне кінәлілерді іздеп жатыр

Опубликовано:

Айбат Амановтың қазасына кінәлілер іздестірілуде
Айбат Аманов. Фото: Instagram/Алматы облысы ПД

Алматы облысының полиция департаменті қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 19 жастағы жауынгердің қазасына кінәлілерді іздеп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ұлттық гвардияның 19 жастағы жауынгері Айбат Аманов 5 қаңтар күні қаза тапқан. Ол Талдықорғандағы орталық алаңда әскери және жауынгерлік міндетін атқарып жүріп көз жұмды.

Осы орайда, полицейлер жауынгер қазасына куә болған жандарды көмекке шақыруда. Тергеу жұмыстары Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі және 7,9,15-тармақтары бойынша ("Кісі өлтіру") жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті жауынгердің қазасы туралы ақпарат білетіндерді 102 нөміріне хабарласуды сұрауда. Осы тұста куәгердің құпия ұсталатыны ескертілген.

Айта кетелік, Айбат Аманов 2003 жылы Қарағанды облысындағы Атасу ауылында дүниеге келген. Талдықорғандағы Ұлттық гвардия сапында әскери борышын өтеп жүрген ол 5 қаңтар күні қаза тапты.

Қазақстан президентінің бұйрығымен Айбат Аманов ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967317-policeiler-taldyqorganda-koz-zumgan-19-zastagy-sarbazdyn-olimine-kinalilerdi-izdep-zatyr/

pixel