Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді: Жедел штаб астаналықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

ұқк
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді. Осыған байланысты Елорданың Терроризмге қарсы жедел штабы астаналықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жедел штабтың мәліметінше, оқу-жаттығу бүгін сағат 8.00-14.00 аралығында Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның Техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Шу көшесінің аяқталған тұсы, әл-Фараби-Қошқарбаев көшелерінің қиылысындағы ауданда) өтеді.

Оқу-жаттығудың мақсаты - террористік іс-қимылдарға дер кезінде жауап қайтару бойынша жедел штабтың күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.

"Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтерді қамти отырып, барынша ұрыс жағдайына жақындатылған. Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты тұрғындарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтап, жұмылдырылған мемлекеттік орган қызметкерлерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - дейді жедел штаб.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967330-elordada-lankestik-aktilerge-qarsy-oqu-zattygu-otedi-zedel-stab-astanalyqtarga-undeu-zasady/

pixel