Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Прокуратура қызметкеріміз": Алматыда қадағалау органының атын жамылып, әрекет ететін алаяқтар пайда болған

Опубликовано:

Телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы прокуратурасы қала тұрғындарын телефон алаяқтарынан сақ болуға шақырды. Соңғы кезде заманауи технологияларды пайдалана отырып, жасалатын "алаяқтық" әрекеттер жиілеп кеткен деп, хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, соңғы кездері алаяқтар кейбір тұрғындарға телефон соғып, "өздерін прокуратура қызметкеріміз" деп таныстырып, қадағалау органының алдағы тексерулері туралы айтып, азаматтарды жаңылыстыруда.

"Тексеру нәтижесін оң шешу үшін алаяқтар банктік шотқа ақшалай сыйақы жіберуді сұрайды", - дейді ведомстводан.

Құзырлы органның дерегінше, алаяқтықтың тағы бір түрі - азаматтарға банк шоттарын бұзуға талпынған жағдай тіркелгенін немесе атына несие рәсімделгенін айтып, алдау.

"Бұзушылық әрекеттерінің алдын алу үшін олар алгоритм ұсынады. Оған сәйкес, шот иелеріне арнайы қауіпсіздік коды келуі керек, олар оны айтуды сұрайды. Сондай-ақ арнайы құралдардың көмегімен ұялы телефондағы абоненттерден құқық қорғау органдарының жұмыс істеп тұрған нөмірлері шығып тұруы мүмкін. Соңғы күндері азаматтардан мұндай сигналдардың түсуі жалғасуда.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Алматы прокуратурасы осы қылмыстық әрекеттерге бой алдырмауды және қырағы болуды сұрайды", - дейді қадағалау органы.

Ведомство бұл ретте құқық қорғау органдары алаяқтарды анықтау және ұстау шараларын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967354-prokuratura-qyzmetkerimiz-almatyda-qadagalau-organynyn-atyn-zamylyp-areket-etetin-alayaqtar-paida-bolgan/

pixel