Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамырдың басында елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

гүл
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері 28 сәуір-3 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс және мереке күндері елімізде салқын ауа райы сақталады.

Ауа температурасының төмендеуіне жылы ауа массаларын ығыстырып, 1 мамырда ел аумағына әсер ететін суық антициклон себеп болмақ.

Мамандардың мәліметінше, салдарынан әдеттегідей солтүстік өңірлерде күн салқын болады. Мұнда түнде термометр бағаны 0-5 градусқа дейін төмендемек.

Ал Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында күн жылы, алайда жаңбырлы болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967426-mamyrdyn-basynda-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel