Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да өрт салдарынан төрт адам қайтыс болды

Опубликовано:

Өрт
Фото: СҚО ТЖД

Солтүстік Қазақстан облысында жекеменшік тұрғын үйдегі өрттен төрт адам қаза тапты. Төтенше жағдай 29 сәуір түнде болған. Оқиғаның мән-жайын өңірлік ТЖД баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство дерегіне сүйенсек, 29 сәуір күні сағат 03:28-де кезекші пультіне Ақжар ауданы Майское ауылындағы жекеменшік тұрғын үйдегі өрт туралы ақпарат түскен. Елдімекен өрт сөндіру бөлімінен 52 шақырым жерде орналасқан.

Оиға орнына құтқарушылар жеткенде үй жалын ішінде қалған. Жергілікті тұрғындар үйден 1963 жылы туған әйелдің мәйітін алып шыққан екен.

Отты ауыздықтау барысында үш ер адамның, дәлірек айтсақ, 1958 жылы туған үй иесі мен 1975, 1967 жылы туған азаматтардың денесі табылды. Одан бөлек, қызметкерлер үйден бір газ баллонын алып шықты.

Өрт сағат 05:40-та ауыздықталды. Жалын үйді түбегейлі жойып жіберді.

"Себебі мен материалды шығын есептеліп жатыр, Көршілерінің сөзінше, марқұмдар спирттік ішімдікті жиі ішкен", - деді СҚО ТЖД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967475-sqo-da-ort-saldarynan-tort-adam-qaitys-boldy/

pixel