Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

500 мың теңгесін иемденген: Өскемен тұрғыны үй аламын деп алаяққа алданды

Опубликовано:

алаяқ әйел
Көрнекі фото: polisia.kz

Үй аламын деген өскемендік әйел алаяққа алданып қалды деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының соңында Өскемен қалалық ПБ Солжағалау ПБ “102” жедел арнасына 38 жастағы әйел жүгініп, 2021 жылдың қараша айының ортасында бейтаныс әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алу үшін ипотеканы ресімдеуге көмектемесін деп оның 500 мың теңгесін иемденіп алғанын хабарлайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірге күдіктіні қолға түсіріп, полиция бөліміне жеткізген.

Ол 34 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Күдікті әйел өз кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967495-500-myn-tengesin-iemdengen-oskemen-turgyny-ui-alamyn-dep-alayaqqa-aldandy/

pixel