Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында 1,5 млн теңгенің малын ұрлаған ер адамдар ұсталды

Опубликовано:

Қылмыскер
Көрнекі фото: Mario Tama/Getty Images

Қызылорда облысында 1,5 млн теңгенің малын ұрлаған ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 сәуір күні Қызылорда облыстық полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне үш ауыл тұрғыны далалық жердегі жайылымнан белгісіз адамдардың сиырларын ұрлағаны туралы шағымданған.

Олар жоғалған малын өз күшімен іздеген, алайда нәтиже болмаған соң полицияға шағымдануға мәжбүр болған.

Жәбірленушілерге жалпы 1,5 млн теңге көлемінде шығын келген. Аталған арыздар бойынша аудандық полиция қызметкерлерімен атқарылған жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысты күдікті үш азаматты анықтап, ұстады.

Олар 26, 19 және 18 жастағы ауыл тұрғындары екені белгілі болды. Үшеуі де аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 2-бөлігі 1-тармағына (Ұрлық) сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сонымен қатар, аталған қылмыстық топтың облыс көлемінде орын алған басқа да мал ұрлықтарына қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967499-qyzylorda-oblysynda-15-mln-tengenin-malyn-urlagan-er-adamdar-ustaldy/

pixel