Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада мектеп салу барысында 25 млн теңгенің жұмысы атқарылмаған

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: zakon.kz

Қызылорда облыстық прокуратурасы тапсырыс беруші мен мердігер мектепті салу барысында мемлекетке 25 млн теңге залал келтіргенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысының прокуратурасы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында облыс орталығындағы 600 орындық мектепті салу барысында заң бұзушылық жөніндегі жарияланымды назарға алған еді. Білім беру орны Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан. Құны - 1 млрд теңге.

"Зерделеу барысында 2018 жылы тапсырыс беруші Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мен мердігер "Ария-Жаңа Астана" ЖШС арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалғаны анықталды.

Облыстық прокуратура тапсырмасы негізінде аталған нысанда Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мамандары тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша онда 25 млн теңгенің жұмысы атқарылмай, мемлекетке залал келгені анықталды", - деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша облыс прокуратурасы тапсырыс беруші мен мердігерге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Оны жүргізу Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жүктелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967508-qyzylordada-mektep-salu-barysynda-25-mln-tengenin-zumysy-atqarylmagan/

pixel