Алматы облысында этнофестиваль өтеді
Жарияланған күні:
Алматы облысы Сарқан ауданында Сиверс алма ағашының гүлденуіне және облыстың 90 жылдығына арналған этникалық фестиваль өтеді. Қонақтарғатүрлі байқаулардан, ұлттық ойындар меншеберлік сабақтарынан тұратын қызықты бағдарлама мен тәттілер ұсынылмақ.
Биыл 4 мамыр күні сағат 10:00-де Алматы облысы, Сарқан ауданы, Тополевка ауылында Zhetysu Travel туристік ақпараттық орталығының қолдауы бойынша «Жетісу – Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» атты фестивальөтеді. Фестиваль ұйымдастырушылары – «Жоңғар-Алатау» ұлттық саябағы мен «Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы» ҚБ.
Бұл шара ең алдымен адамдарды біріктіріп, ұлттық бірегейлікті сақтауға бағытталғанын атап өткен жөн.
«Соңғы оқиғаларды ескере отырып, адамдардың бір-біріне жақын бола түскенін қалаймын, сондай-ақ барша қазақстандықтың бүтін бір отбасы екенін еске салғым келеді. Пандемия мен қайғылы қаңтар оқиғасы адамдардың әл-ауқаты мен көңіл-күйіне өзіндікіз қалдырды. Сондықтан осындай шараны өткізуді жөн көрдік. Сиверс алма ағашының гүлденуі – ерекше табиғат құбылысы. Мұндай фестиваль келешекте Күншығыс елі Жапониядағы «Шие гүлін» ұлттық мерекелеу сияқты Қазақстанда да дәстүрлі мерекеге айналады деп үміттемін», - дейді Алматы облысының «Алтын Адам Жетiсу шеберлер орталығы» ҚБ төрағасы Динара Бәкірова.
Оның айтуынша, фестиваль барысында киіз үй қалашығы ұйымдастырылады,Мәдениет Үйінің музыкалық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама, ұлттық бұйымдар, кәдесыйлар мен тәттілер қойылған қолөнершілердің этножәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ ұлттық садақ атудан Mergender Ordasy шеберлік сағаты, ұлттық ойындар мен агротуризмді дамыту бойынша дәріс өткізу жоспарлануда.
Этнофестиваль Алматы облысының 90 жылдығын мерекелеу аясында өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967515-almaty-oblysynda-etnofestival-otedi/