Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте лауазымды полицей қызметкерлерден пара алды деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жақында Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирінің қылмыстық әрекеті әшкере болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ол қарамағындағы қызметкерлерден қызметі бойынша көрсеткен қамқорлығы үшін жүйелі түрде пара алып отырған (Қылмыстық кодекстің 366-бабы) деп айыпталуда.

Осы жылдың 27 сәуірінде Арнайы Шымкент қаласы ПД АББ-мен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізді.

Күдікті қарамағындағы қызметкерлерден кезекті рет пара алғаннан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

29 сәуірде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты оған қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сонымен қатар, бірқатар өңірде полиция бөлімшелерінің басшыларына қатысты айыптау үкімдері шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967546-symkentte-patruldik-policiya-polkinin-komandiri-para-alyp-zatqan-zerinde-ustaldy/

pixel