Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда селфи үшін қауіпті әрекетке барған бойжеткен ауруханаға түсті

Опубликовано:

Пойыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар тұрғыны жолаушылар пойызының вагонының үстіне шығып, селфи түсірмек болған кезде күйік шалып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Павлодарық бойжеткен Жолқұдық теміржол станциясының жанында "электрлі жарақат" алған.

Дәрігерлер оған оң аяқтың, дененің оң жақ бөлігінің, оң қолының III-IV деңгейдегі, 50% күйік шалуы және бастың шашты бөлігінің соққы жарақаты, ІІ-ІІІ деңгейдегі травматикалық шок деген диагноз қойды.

Қазір зардап шеккен қыз жан сақтау бөлімінде жатыр.

"18 жастағы бойжеткен денесінің оң жақ бөлігінің күйік шалу жарақаты және травматикалық шок күйде ауруханаға жеткізілді. Ол селфи түсіру үшін вагон төбесіне шыққаны белгілі болды", - деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967613-pavlodarda-selfi-usin-qauipti-areketke-bargan-boizetken-auruxanaga-tusti/

pixel