Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында 27 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Опубликовано:

Дархан Байток
Дархан Байток. Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында жоғалған 27 жастағы жігіт іздестірілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайттың мәліметінше, 30 сәуір күні Тереңкөл аудандық полиция бөліміне ер адам 27 жастағы ұлы Дархан Байтоктың жоғалып кеткенін айтып, жүгінген.

Ол сол күні сағат 03:00 шамасында Қарасұқ ауылынан бір шақырым қашықтықтағы шалғынды жерден белгісіз бағытқа бет алып, содан бері оралмаған.

Дархан Байтоктың қайда екенін анықтау үшін полиция қызметкерлері жедел-тергеу тобын құрып, өңірдің барлық аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ облыстардың полиция департаменттеріне бағдарлар жіберген.

Одан бөлек құзырлы орган маңайдағы тұрғын емес үйлерді, бос жерлерді, су айдындарын, қамыс қопаларды, шалғындарды, сай-шұңқырларды, ауыл шетіндегі жерлерді, қараусыз қалған құрылыстарды қарап шыққан.

Сондай-ақ дала аймағы мен шалғынды жерлерді квадракоптердің көмегімен тексеріп шыққан.

Алайда әзірге іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген.

"Іздеуге еріктілер мен жанашыр азаматтар, ауыл тұрғындары қосылды. Іздеу жұмыстары жалғасуда", - дейді полициядан.

Сонымен қатар құзырлы орган егер Дархан Байтокқа қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, 102 телефонына хабарласуды немесе dp_pavlodar Instagram парақшасында ақпарат қалдыруды сұрайды.

Полиция мәлімет берген тұлға жайлы ақпарат құпия қалатынына кепілдік беретінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967744-pavlodar-oblysynda-27-zastagy-zigit-zumbaq-zagdaida-zogalyp-ketti/

pixel