Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабар 24" арнасына жаңа директор тағайындалды (фото)

Опубликовано:

Айгүл Әділова
Фото: Берік Уәли/Facebook

"Хабар 24" арнасының директоры қызметіне Айгүл Әділова тағайындалды. Бұл туралы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Хабар 24" телеарнасының директоры қызметіне Айгүл Әділова тағайындалды. Әріптесімізге жауапкершілігі мол жаңа қызметінде жемісті еңбек етіп, табысқа жетуіне тілектестік білдіреміз", - деді "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы.

Айта кетейік, Айгүл Нұрханқызы - елімізге белгілі тележурналист, тәжірибесі мол, жоғары білікті маман.

Айгүл Нұрханқызы
Фото: Берік Уәли/Facebook

Ол еңбек жолын Ақтөбеде бастап, "Рика ТВ", "Астана" телеарналарында, "Қазақстан" РТРК облыстық филиалында тілші, жаңалықтар жүргізушісі қызметтерін атқарды.

Кейін "Евразия" бірінші арнасының" тілшісі, сараптамалық бағдарламалар редакторы, бірқатар тележобалардың жетекшісі ретінде танылды.

"Хабар" агенттігінде еңбек етіп келе жатқанына 7 жылдан асты.

Тілші, редактор, жүргізуші болып, жаңалықтар және сараптамалық хабарларға жетекшілік етті.

БАҚ саласындағы бірнеше республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967801-xabar-24-arnasyna-zana-direktor-tagaiyndaldy-foto/

pixel