Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтың арбауына түскен семейлік студент 1,3 млн теңгесінен айырылды

Опубликовано:

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Семейлік студент алаяққа алданып, 1,3 млн теңгесінен айырылды. Ол оқуындағы мәселесін шешіп беруге уәде берген әйелге сеніп қалған, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Наурыз айының соңында Семей қалалық ПБ Орталық ПБ "102" жедел арнасына 20 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, алаяққа алданғанын хабарлаған.

Ол өткен жылдың маусым айынан бастап осы жылдың наурызына дейінгі уақыт аралығында бейтаныс әйел оқуда орын алған мәселені шешіп беремін деп оның 1,3 млн теңгеге жуық қаражатын иемденіп алғанын айтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы жұмыссыз қала тұрғынын анықтап, ұстады. Жауап алу кезінде ол кінәсін мойындаған.

Күдікті қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап тастаған екен.

Белгілі болғандай, күдікті осыған дейін жәбірленуші білім алып жүрген университетте оқыған болып шықты.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967820-alayaqtyn-arbauyna-tusken-semeilik-student-13-mln-tengesinen-aiyryldy/

pixel