Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұқтаждарға көмек демалыспен аяқталды": Қайырымдылық шарасына қатысқандар тосын сыйға тап болды

Опубликовано:

қлттық киімдегі қыздар
Фото: «Spectrum» халықаралық мектебі

Нұр-Сұлтанда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шарасына қатысқандар Мальдив аралдарына жолдама ұтып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайырымдылық жәрмеңкесінде 22 елдің ұлттық-мәдени мұрасы, салт-дәстүрі мен тағамдары таныстырылып, көпшілікке ұсынылды.

Мерекеге арнайы дайындалған сахналық қойылымдар мен әр ұлттың төл өнері халықаралық мектеп оқушыларының қатысуымен өтті.

Ал, қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат мектеп ата-аналары басшылығымен еліміздегі көмекке мұқтаж жанұяларға табысталады.

Осы жылғы қайырымдылық шарасына еліміздің және шет елдердің түрлі саладағы ұйымдары ат салысып, өз үлесін қосты.

Атап айтар болсақ, мерекеге орай ұтыс ойынын өткізу кезінде Мальдив аралдарындағы түрлі демалыс орындарына 4 жолдама берілді.

Шарты тек көрмеге қатысып, қайырымдылық үшін құны 5000 тг тұратын билет алу керек болатын. Ал жолдамаға демеуші болған кәсіпкерлер "бұл сый - қайырымдылыққа қосқан өз үлесіміз", - дейді. Ізгілікті шара дәстүрлі түрде оныншы рет өткізіліп отыр.

Елордадағы жергілікті және шетелдік білім алушыларға жоғары стандарттарға сай Кембриджтік халықаралық білім беру бағдарламалары мен емтихандарын ұсынатын "Spectrum" мектебінің оқушылары, ата-аналары, елшіліктер мен дипломатиялық миссия өкілдері фестивальдің өтуіне мұрындық болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967829-muqtazdarga-komek-demalyspen-ayaqtaldy-qaiymyrdylyq-sarasyna-qatysqandar-tosyn-syiga-tap-boldy/

pixel