Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Самұрық-Қазына" қызметкерлері қанша жалақы алады: Қор басшысы жауап берді

Опубликовано:

Самұрық- Қазына
Фото: "Самұрық- Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры АҚ

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ОКҚ өткен брифингте компания қызметкерлері қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сәтқалиевтің сөзінше, басшылық қызмет атқаратын қызметкерлердің жалақысы 2016 жылдан бері өзгермеген.

Дегенмен олардың жалақысы туралы мәселе көтеріледі. Өйткені кандидаттардың көпшілігі жалақысына байланысты мұндай вакансиядан бас тартады екен.

"Біз бизнес ортада жұмыс істейміз. (Еңбекақы деңгейі - ред.) орташа салалық деңгеймен салыстырмалы болуы тиіс. Қызметкерлерімізді ынталандыру үшін біз кем дегенде Қазақстандағы осындай бизнестегі ірі компаниялар сияқты жалақы алуымыз керек", - дейді Алмасадам Сәтқалиев.

Оның сөзінше, қазір "Самұрық-Қазынадағы" жалақы елдегі мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысымен шамалас. Мәселен, компаниядағы басшылық лауазымдағы қызметкерлерге 700 мыңнан 1 млн теңгеге дейін жалақы төленеді.

"Кейбір портфельдік компанияларда 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы төленеді", - дейді Сәтқалиев.

Сонымен бірге "Самұрық-Қазына" төрағасы қызметкерлер қатарында Украинадан келген мамандар да бар екенін атап өтті.

"Біз шақырған адамдардың бір бөлігін, соның ішінде Украинадан шақыртылғандарды нарықтан таптық. Олар өздері алып жүрген жалақыдан 3-4 есе аз жалақыға келісті. Бұл шын мәнінде, патриоттықтың белгісі.

Біздің портфельдік компаниялардың жетекші менеджментін ерекше атап өту керек. Мұнда адамдар Қазақстанға көмектесу үшін, өз үлесін қосу үшін 10 есе аз жалақыға келісіп, келді.

Ірі бизнесте, жетекші халықаралық компанияларда жұмыс істеген беделді адамдар көмектесуге дайын. Яғни, біз материалдық емес құндылықты да басшылыққа алып отырмыз. Қазіргі уақытта бұл өте маңызды", - дейді Алмасадам Сәтқалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967999-samuryq-qazyna-qyzmetkerleri-qansa-zalaqy-alady-qor-bassysy-zauap-berdi/

pixel