Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш кредитімнен құтылдым": Төрт жылдан бері Кореяда жұмыс істейтін қазақстандық әйел шетелдегі табысы туралы айтты

Опубликовано:

Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін қазақстандық әйелдің сұхбаты
Оңтүстік Корея туы. Фото: pixabay.com

Оңтүстік Кореяның Танджин қаласында жұмыс істейтін жерлесіміз Ләзакат Айхаджаева шетелдегі күнкөріске қатысты кішігірім сұхбат берді. Бұл туралы "Корея жаңалықтарына" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ләзакат төрт жылдан бері Танджин қаласында жұмыс істеп жүр. Ол көлік құрылғыларын шығаратын үлкен зауытта роботтармен жұмыс істейді.

"Кореялықтарға менің атымды айту қиын. Сол себепті, Лора деп қысқартып айтады. Төрт жыл бойы осы зауытта адал еңбегіммен нан тауып келемін. Жұмыс уақыты таңғы сегізден кешкі сегізге дейін созылады. Күніне 125 мың вон (43 500 теңге) төленеді. Бір айда 24 күн жұмыс істейміз. Жыл соңында 13-жалақы да беріледі. Зауытта 80-ге жуық шетел азаматы бар. Атап айтар болсақ, Таиланд, Қазақстан, Индонезия, Вьетнамнан келген жұмысшылар көп", - дейді Ләзакат.

Жерлесіміздің айтуынша, кореялықтар шетелдіктердің діні мен салтына құрметпен қарайды.

"Басшыларымыз шетел азаматтарының өміріне бей-жай қарамайды. Мұсылмандарға деген көзқарастары жақсы. Мәселен, асханада біз үшін арнайы ас мәзірі қарастырылған. Халал тамақтар беріледі. Ораза кезінде бастығымыз менің алаңсыз ауыз ашуыма жағдай жасап, қосымша уақыт бөлді. Біздің дінімізге деген құрметтері ерекше", - дейді ол.

Оңтүстік Кореядағы табысы арқылы Ләзакат Айхаджаева бірнеше несиесінен құтылып, үй салып алған.

"Қазақстанда жүргенде алған үш кредитім бар еді. Үш банктен алған несиемді осындағы табысым арқылы өтеп, құтылдым. Жер алып, үй салғыздым. Көлік те сатып алдым. Аллаға шүкір, бәрі де жақсы. Тек соңғы кездері жақындарыма деген сағынышым басым болып жүр", - деп сөзін қорытындылады Ләзакат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968359-us-kreditimnen-qutyldym-tort-zyldan-beri-koreyada-zumys-isteitin-qazaqstandyq-aiel-seteldegi-tabysy-turaly-aitty/

pixel