Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалған оқушы қыз табылды

Опубликовано:

оқушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен қызды тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне кәмелетке толмаған қыздың жоғалғаны туралы ақпарат түсті. Анасы хабарласып, екеуінің арасында келіспеушілік болғанын айтқан. Содан 17 жастағы бойжеткен үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен.

Қызы бес күн бойы байланысқа шықпады. Анасы жақын туыстарға да хабарласып көрген. Бірақ оқушы қыз табылмады. Осыдан кейін әйел полицияның көмегіне жүгінді.

"Түлкібастық полицейлер қыздың жоғалғаны туралы ақпарат түскен бойда іздестіру шараларына кірісті. Осы жұмысқа толық құрам тартылды. Тәртіп сақшылары жоғалған бойжеткеннің құрбыларынан жауап алып, баруы мүмкін деген аймақтарды түгел аралап шықты. Көрші аудан, қалаларға да хабар беріп, сұрастыру жұмыстарын жүргізді", - дейді полицейлер.

Жедел жұмыстың нәтижесінде бойжеткен бір тәуліктің ішінде табылды. Оқушы қыз Шымкент қаласында жүрген. Түлкібастық сақшылар оны аудандық бөлімге жеткізіп, анасымен аман-есен қауыштырды.

Сөйтсе, бұған дейін жасөспірім қыз бір рет үйден кетіп қалған. Бірақ артынан қайтып келді. Содан анасы бірден іздеу салмаған.

11-сыныптың оқушысы үш күн бойы Түлкібас қаласындағы құрбыларының үйін паналаған. Одан кейін Шымкент қаласындағы досының үйіне кетіп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968367-turkistan-oblysynda-bes-kun-buryn-zogalgan-oqusy-qyz-tabyldy/

pixel