Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Белден келеді": Жаңаөзенде жаңбырдан кейін тұрғын үйлер мен көшелерді су басты (видео)

Опубликовано:

Жаңаөзен
Су кешіп жүрген тұрғындар. Видеодан кадр: Lada.kz

Жаңаөзенде аулалар мен тұрғын үйлерді және бір мектепті су басты. Қаланың кей көшелерінде қозғалыс шектелген. Қазір мотопомпаның көмегімен су сору жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Lada.kz. Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Жаңаөзен тұрғындары көшелер мен тұрғын үйлердің аумақтарында жаңбыр суының жиналып қалғанын айтып, шағымдануда.

Барлығы сегіз аула, екі тұрғын үй, үш көше және жалпы білім беретін мектепті су басқан.

"Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қала әкімдігімен бірлесіп, коммуналдық қызметтердің арнайы техникалары мен су сору құрылғыларын тарта отырып, жаңбыр суын сору жұмыстарын жүргізуде", - дейді Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ал қала тұрғындары болса, көшелер мен үйлердің су басқан сәтінен түсірілген видеоларды бөлісуде. Кадарлардың бірінен көлік қозғалысының шектелгенін, тұрғындардың үйіне жетуі үшін белуардан су кешіп жүргенін байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968385-belden-keledi-zanaozende-zanbyrdan-keiin-turgyn-uiler-men-koselerdi-su-basty-video/

pixel