jitsu gif

"1,05 миллионы Түркістан облысында тұрады": Қазақстандағы ер адамдардың саны қанша

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Facebook-тегі парақшасында Қазақстандағы ер адамдардың санына қатысты мәлімет жариялады.

Мекеме 2021 жылғы дерек бойынша елімізде 9,2 млн ер азамат бар екенін хабарлады.

Олардың ең көбі, яғни, 1,05 млн азамат Түркістан облысында тұрады. Ал ең азы СҚО-да. Өңірде 257 мың ер адам бар.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, ерлердің 57 пайызы қалада, 43 пайызы ауылды жерде тұрады.

Одан бөлек Қазақстандағы ер адамдардың орта жасы 30,2-ні, үйленген азаматтардың орта жасы 27,9-ды құрап отыр.

"1,05 миллионы Түркістан облысында тұрады": Қазақстандағы ер адамдардың саны қанша

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.