Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында аудан әкімі желіде тараған шулы видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Әкім
Видеодан кадр: instagram.com/tipavlo.dar

Әлеуметтік желіде Павлодар облысындағы Ақсан ауылдық округінің әкімі Кенжебек Дүйсенбаевтың тұрғындармен дауласып жатқан сәті бейнеленген видео тарады. Бұл видеоға қатысты аталмыш ауылдық округ қарайтын Баянауыл ауданының әкімі Серік Батырғожинов пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды.

Аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметі бойынша, соңғы бір жарым жылдың ішінде республикалық тасжолдың бойында төрт жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жолдағы малға қатысты полицейлер мен ауыл әкіміне көптеген өтініш түскен. Сондықтан 5 мамырда құқық қорғау органдары рейд жүргізіп, мал айып тұрағына қамалған.  

Аудан әкімінің сөзінше, тұрғындар мен ауыл әкімі арасындағы дау осы қараусыз жүрген малға байланысты туындаған.

"Республикалық тасжолдың бойында қараусыз мал жайылып жүрген. Бұл кімнің малы екенін анықтау барысында эмоцияға ерік берген сәттер болған. Жиын барысында бақташыға еңбекақы белгіленген, бірақ екі-үш отбасы қарсылық танытып, жанжал шыққан. Бұл ретте мәселе, жайылымда емес, малдың қараусыз жүруіне келіп тіреледі", - дейді Серік Батырғожинов.

Сондай-ақ Серік Батырғожинов тұрғындардың арандатушылыққа жол бергенін және интернетке видеоның тек сол бөлігін салғанын айтады.  

"Жағдайды түсінген тұрғындар бірден малын алып кеткен. Олардың ішінде бір адам дауыс көтеріп, айқайға басқан. Мал басы артқан соң баққылары келмейді, ал табын артқан сайын малды бағу да қиындай түседі. Дегенмен бұл ауылда ешбір мәселе болмаған", - дейді ол.

Десе де аудан басшысы ауыл әкімінің әрекетіне баға берілетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968429-pavlodar-oblysynda-audan-akimi-zelide-taragan-suly-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel