Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында түрмеге жасырын камерасы бар көзілдірік кіргізілмек болған (фото)

Опубликовано:

Көзілдірік
Фото: Polisia.kz

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті жедел бөлімінің қызметкерлері портативті камерасы бар ерекше сәлемдеменің колония аумағына кіргізілуіне жол бермеді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Басылым дерегінше, сотталғандардың бірінің атына поштамен келген бандерольді тексеру барысында жасырын микро-бейнебақылау камерасы орнатылған арнайы көзілдірік тәркіленген.

Сондай-ақ сәлемдеменің шамамен бұрын сотты болған, қазіргі кезде мекемеде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны (адам ұрлау, бопсалау, терроризм) үшін 14 жылға сотталған азаматтың атына келгені белгілі болған.

Өңірлік ҚАЖ департаментінің мәліметінше, әдетте сәлемдемелер мен бандерольдерден есірткі заттары мен ұялы телефон сынды тыйым салынған заттар тәркіленіп жатады.

Алайда мұндай ерекше құрылғының тәркіленуі алғаш рет дейді олар.

Тәркелінген зат әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін жедел-тергеу тобына берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968434-turkistan-oblysynda-koloniyaga-kamerasy-bar-kozildirik-otkizuge-tyrysqandar-anyqtaldy/

pixel