Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама түскен

Опубликовано:

полицей
Көрнекі фото: polisia.kz

Көкшетау полициясы жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан азаматтың тұлғасын анықтап жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

6 мамыр күні сағат 14.05-те Көкшетау қаласы ПБ-ның 102 жедел арнасына дүкендердің бірінің директорынан жасырын қоңырау түскен.

Арызданушы әлдекім оған сауда нүктесінде жарылғыш зат бар екенін хабарлағанын айтқан. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері, ҰҚК, прокуратура, ТЖД өкілдері аттанды.

Олар эвакуациялық іс-шаралар ұйымдастырып, қоршау қойды, көпқабатты үйден тұрғындарды эвакуациялады. Тексеру шаралары барысында жарылғыш зат пен басқа да күмәнді заттар табылған жоқ.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта жарылғыш зат туралы жасырын түрде хабарлаған адамның жеке тұлғасы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968489-koksetauda-policiyaga-zarylgys-zat-turaly-zalgan-xabarlama-tusken/

pixel