Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Опубликовано:

Жол апаты85
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шығыс Қазақстан облысы "Омбы-Майқапшағай" тасжолдарының бірінде екі көлік соқтығысып, салдарынан алты адам қайтыс болды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Басылымның Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, жол апаты 8 мамыр сағат 11:20 шамасында "Омбы-Майқапшағай" тасжолының Жарма ауданы шар қаласы тұсында болған.

Ведомствоның мәліметінше, Ssang Yong Actyon маркалы көліктің 35 жастағы жүргізушісі Жарма ауданы қарай бара жатып, рөлді басқара алмай жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан қарсы келе жатқан ВАЗ-21014 маркалы көлігімен соқтығысұан.

Оқиға орнында түрлі дене жарақатын алған ВАЗ көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен оның бес жолаушысы мерт болған.

Ал Ssang Yong Actyon көлігінің жүргізушісі мен кәмелетке толмаған үш жолаушысы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ бірқатар сот сараптамасы тағайындалған. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968558-sygys-qazaqstan-oblysynda-zol-apatynan-alty-adam-qaza-tapty/

pixel