Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның екі облысында құрғақшылық күтілуде

Опубликовано:

Құрғақшылық
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" синоптиктері 2022 жылдың мамыр айына құрғақшылық болжамын жариялады. Түзетілген мәліметтерге сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігінде мамыр бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Келесі жерлерде орташа құрғақшылық күтілуде:

  • Ақмола облысы Степногорск қаласының маңында;
  • Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев атындағы ауданда;
  • Қызылорда облысы, Арал ауданында;
  • Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында.

Ал қатты құрғақшылық келесі аудандарда болжануда:

  • Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында;
  • Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында.
Құрғақшылық болжамы
Фото: Қазгидромет

Қалған жерлерде құрғақшылық нормаға сай болады деп күтілуде:

  • Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында;
  • Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы, сондай-ақ Тимирязев және Тайынша аудандарында;
  • Ақтөбе облысы — Ырғыз және Ойыл аудандарында;
  • Алматы облысы — Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында;
  • Шығыс Қазақстан облысы — Шемонаиха және Үржар аудандарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968635-qazaqstannyn-eki-oblysynda-qurgaqsylyq-kutilude/

pixel