Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойды (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етуден басталды. Мемлекет басшысы Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі өзінің ресми Telegram-арнасында.

Анытқабір кесенесін аралап көрген Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Онда Қасым-Жомарт Тоқаев тамырлас түрік жұртына зор құрметін білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың мәңгі болуын, екі ел ынтымақтастығының арта беруін және бауырлас түрік халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968648-toqaev-ataturik-kesenesine-gul-sogyn-qoidy-foto-video/

pixel