Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда толассыз жауған жаңбырдан көшелер мен аулаларды су басты (фото, видео)

Опубликовано:

Су сору жұмыстарын жүргізіп жатқан бригада
Су сору жұмыстарын жүргізіп жатқан бригада. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда әп-сәтте толассыз жауған жаңбырдың салдарынан көшелер мен аулаларды су басты. Қала тұрғындары бұл сәттен фото, видеомен әлеуметтік желіде бөлісуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы қалалық ТДЖ мәліметінше, бүгін "112" желісі мен "109" құтқару қызметіне Алмалы ауданына қарайтын Райымбек даңғылындағы ауланы және Әйтиев көшесіндегі жертөлені су басқаны жайлы хабарлама келіп түскен.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, су басудың алдын алу үшін және оның салдарын жою үшін мердігер ұйымдардан кезешілік ұйымдастырылған.

Су сору жұмыстарын жүргізіп жатқан бригада
Су сору жұмыстарын жүргізіп жатқан бригада. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Одан бөлек әкімдік суды кедергісіз ағызу және сорып шығаруды қамтамасыз ету үшін 609 адамнан құралған бригада, 252 арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылғанын, құм салынған 2050 қап дайындалғанын жеткізді.

Су сору жұмыстарын жүргізіп жатқан бригада
Су сору жұмыстарын жүргізіп жатқан бригада. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Еске сала кетейік, бұған дейін қалалық ТЖД 11 мамырда Алматы қаласында қатты жаңбыр және найзағай күтілетінін, найзағай кезінде солтүстік- шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайтынын ескерткен еді.

Сонымен қатар ведомство қала тұрғындары мен қонақтарына жауын-шашын кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігіше шықпауды, көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды ескерткен болатын.

Сондай-ақ ТДЖ 112-ден келетін хабарландыруға құлақ асауға шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968821-almatyda-tolastap-zaugan-zanbyrdan-koseler-men-aulalardy-su-basty-foto-video/

pixel