Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда 12 күн бұрын жоғалған ер адам орманнан табылды

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында 12 күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адам орманнан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, Көкшетау қаласының тұрғыны 29 сәуірде жоғалып кеткен. Бұл туралы 6 мамыр күні оның туыстары полицияға хабарлап айтқан.

Белгілі болғандай, ер адам жұмысқа орналасып, кезекті ауысымнан кейін үйіне келмей қалған. Оны бастапқыда туыстары өз беттерімен іздеп көрген. Алайда нәтиже шықпаған соң, бір апта өткеннен кейін ғана полициядан көмек сұраған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Көкшетау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, жоғалған адам туралы куәгерлерден, туыстары мен таныстарынан сұрастырды.

Нәтижесінде ер адамның Көкшетау қаласының Бірлік шағынауданы маңындағы орман алқабында тұрақтағаны анықталды. Ол мұндай қадамға неліктен барғанын түсіндірмеді. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - дейді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968852-koksetauda-12-kun-buryn-zogalgan-er-adam-ormannan-tabyldy/

pixel