Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конституцияда халықты жер қойнауының иесі ретінде бекіту: Бұл қазақстандықтарға не береді

Опубликовано:

карта
Көрнекі фото: pixabay.com

ОКҚ өткен онлайн брифингте Әділет вице-министрі халықты жер мен табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде бекіту туралы Конституцияға ұсынылған түзету қазақстандықтарға не беретінін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова халықты жер мен табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде бекіту туралы норма осы мәселе бойынша алдағы уақытта заңдарды қабылдауға мүмкіндік беретінін хабарлады.

"Бұл жерде Конституцияның осы нормасы басқа заңдар мен заңға тәуелді актілерде қалай дамитынын одан әрі қарау керек. Қазір Конституция – бұл ең жоғарғы заң. Бұл норманы Конституция деңгейінде мәлімдей отырып, ол болашақта басқа заңдарды қайта қарау мүмкіндігін ашады. Қазір бұл туралы әңгіме жоқ, бірақ болашақта бәрі мүмкін.

Іс жүзінде бұл заң шығару бастамасы субъектілерінің – депутаттардың, үкіметтің, президенттің қалауында. Осы норманы одан әрі дамытуға заңнамалық бастаманың кез келген субъектісі қосымша түзетулер енгізе алады", - деп хабарлады спикер.

Айта кетейік, сәуір айының соңында Ақордада мемлекет басшысы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өткізген еді. Кеңес барысында президент қоғам мен мемлекет үшін маңызды жерге меншік ету туралы мәселені шешу қажеттігіне жеке тоқталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968983-konstituciyada-xalyqty-zer-qoinauynyn-iesi-retinde-bekitu-bul-qazaqstandyqtarga-ne-beredi/

pixel