Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 мамырдан бастап Қазақстан мен Германия арасындағы әуе рейстерінің саны артады

Опубликовано:

әуежай
Көрнекі фото: pixabay.com

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен карантиндік шектеулердің жеңілдетілуіне байланысты ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіру және әуе рейстерін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 15 мамырдан бастап Air Astana әуе компаниясы А321LR үлгісіндегі әуе кемесімен Нұр-Сұлтан – Франкфурт бағыты бойынша әуе рейстерін аптасына 5-тен 6 рейске дейін, сондай-ақ 1 маусымнан бастап 6-дан 7 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар 2 маусымнан бастап "Lufthansa" әуе компаниясы А330/А340 әуе кемесімен Франкфурт – Нұр-Сұлтан/Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстер санын аптасына 4-тен 5 рейске дейін, 4 шілдеден аптасына 7 рейске дейін ұлғайтуды жоспарлауда.

Жалпы, шілде айынан бастап Қазақстан мен Германия арасында аптасына 15 рейс орындалмақ. Оның ішінде Орал – Франкфурт бағыты бойынша да рейстер бар.

"Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясы сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Әуе рейстерінің ұлғаюы екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына, сондай-ақ туризмнің дамуына ықпал етеді деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968987-15-mamyrdan-bastap-qazaqstan-men-germaniya-arasyndagy-aue-reisterinin-sany-artady/

pixel